Ұлттық прокатка қазақстандық банк қызметкері жайлы фильм шыққалы жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы үстіміздегі жылы 22 қарашадан бастап ұлттық прокатқа шығатын  «Жетілудің жеке тренингі» фильмінің трейлерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінен хабарланғандай, картинаның режиссері «Қызғылт қоян туралы хикая», «Инопланетяндардың қатысы жоқ» фильмдерімен танылған -  Фархат Шәріпов. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген фильм жасы қырыққа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіріп жүрген банк қызметкері Қанат туралы баяндайды. Бірде Қанат тұлғалық қалыптасу - көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне барады. Коуч-тренер жетістікке қалай жету керектігін және көшбасшы бола білудің әдістерін айтады. Көшбасшы болудың құпияларын бойына сіңіре келе, Қанат өзін және өмірге деген көзқарасын өзгертуге бекінеді.

Фильмнің түсіру жұмыстары Алматыда жүргізілген. Картинаның басты рөлін сомдауға көптеген үміткерлердің арасынан Дулыға Ақмолда бекітілген болатын. Сонымен қатар, фильмде Ержан Түсіпов, Гүлжамал Қазақбаева, Әсел Қалиева, Филипп Волошин және басқа да актерлер түскен. 

Айта кетерлігі, аталған кинотуынды 23-ші Халықаралық Пусан кинофестивалінің «Азия киносына назар салу» бағдарламасына  қатысқан болатын. 

Фильмнің трейлерін «Қазақфильмнің» YouTube желісіндегі ресми арнасынан көріп тамашалай аласыздар.

 

Соңғы жаңалықтар