Ұлттық пантеонға ел президенттерінің отбасы мүшелері жерленбейді – Үкімет қаулысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Ұлттық пантеон туралы ережені бекіту туралы» Үкімет қаулысына өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайтыс болған (қаза тапқан) мынадай адамдар пантеон аумағында жерленеді: Қазақстан Республикасының президенттері», - делінген жаңа редакцияда.

Айта кетсек, қолданыстағы талап бойынша ұлттық пантеон аумағына Қазақстан президенттері және олардың отбасы мүшелері жерленеді. Жаңа өзгеріске сай, енді бұл норма алынып тасталады. Дегенмен президенттердің жұбайы мен зайыбын пантеонға жерлеуге рұқсат етіледі.

«Отбасы мүшелерін пантеонда жерленетін тұлғалардың нақты регалийлері айқындалуына орай алып тастау ұсынылады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, «отбасы мүшелері» ұғымы қарастырылмаған. Сонымен бірге, осы ережемен тұлғалардың жұбайы немесе зайыбын жерлеу мүмкіндігі қарастырылған», - деп түсіндірме берілген өзгеріске.

Үкімет қаулысы 7 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар