Ұлттық орталық қызметкері мүмкіндігі шектеулі балалардың емі үшін ақша алған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлық агенттігі Балаларды оңалту ұлттық орталығы қызметкерлерінің заңсыз ақшалай сыйақы алу фактілерін тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тергеу барасында Балаларды оңалту ұлттық орталығы («University Medical Center» корпоративтік қоры) қызметкерлерінің бірі мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан балаларды оңалту еміне квота бергені үшін 60-тан 100 мың теңгеге дейін ақшалай қаражат алғаны анықталды. Тергеу нәтижелері бойынша бірнеше жыл бойы қолданылып келген алаяқтық схема тоқтатылды, ата-аналарға келтірілген залал толығымен өтелді», - делінген Сыбайлас жемқорлық агенттігінің хабарламасында.

Сонымен қатар тергеу барысында балаларды оңалту емін көрсету мәселелері бойынша бірқатар проблемалар мен кемшіліктер анықталды. Мысалы, өңірлерде квоталардың біркелкі бөлінбеуі, ата-аналардың сенімсіздігі және соңғыларымен түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі, ашық және жалпыға қолжетімді кезектіліктің болмауы, сондай-ақ елде осындай республикалық орталықтардың жетіспеушілігі болған.


Соңғы жаңалықтар