Ұлттық музейде Наурыздың шығу тарихы туралы қойылым көрсетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Аңыз әлемінде» атты арнайы театрландырылған қойылымдары басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қойылым Наурыздың шығу тарихы туралы ежелгі аңыздың желісімен ұйымдастырылған. Оның барысында балаларға ұлттық ойындар ойнатылып, шашу, қыздар мен жігіттердің бір-біріне селт еткізер мен ұйқыашар сыйлау, көрісу дәстүрлері көрсетіледі.

«Қойылымның мақсаты - Наурыз мерекесіне құрметпен қарауға, әлемде және Қазақстан жерінде достықты нығайтуға, ұлтаралық мәдени қарым қатынасты, бүлдіршіндерді қазақ халқының мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу», - делінген хабарламада.

Алғашқы күні Астана қаласының арнайы қажеттіліктері бар балалары шақырылды. Қойылымның соңында балаларға құрт, жент, тәттілер таратылды.

null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар