Ұлттық музейде балалар шығармашылығының инклюзивті фестивалі өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық музейдің 5 жылдығына орай «Мейірім» - «Шеберлер қаласы» балалар шығармашылығының ІІ инклюзивті музейлік фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальдің құрылтайшысы әрі ұйымдастырушысы - ҚР Ұлттық музейі. Фестивальдің негізгі мақсаты - ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, олардың дарыны мен мәдени ерекшелігін дамыту, инклюзивті қоғамда тәуелсіз өмір сүруіне ықпал ету, сондай-ақ шыдамдылық пен төзімділікке даярлауға мүмкіндік беру арқылы балалардың инклюзивті шығармашылық кеңістігін құру және әлеуметтік-мәдени бейімделуінің мәселелерін шешу ісінде қоғамды біріктіру.

Шараның ашылу салтанатында ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатубалдин сөз сөйледі.

«Бұл фестиваль былтырдан бері қолға алынды, биыл екінші рет өткізіліп отыр. Шара ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, оларға қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды. Осы мақсатта фестиваль барысында балалар өздеріне ұнаған түрлі шеберлік сабақтарға қатысады. Балалардың көңілінен шығады деп сенемін, фестиваль қонақтарына сәттілік тілеймін», - деді ол.
null null

Фестиваль дамытушы шеберлік сабақтар үлгісінде өтті. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы №1 арнайы мектеп-интернаты, №2 арнайы мектебі, №10, 65, 83 мектеп-гимназияларының оқушылары, сондай-ақ - «Солнечный мир», «Наследие» қоғамдық қорлары мен «Spinabifida» қоғамдық бірлестіктерінен 7-18 жастағы ерекше білім алуға қажеттілігі бар 100 бала мен сол жастағы қарапайым балалар қатысты.

Іс-шарада «Музейді тану» атты балалардың сурет көрмесі мен «Киізден сурет: киіз басу», «Қазақ ұлттық ою-өрнектері», «Тұмар жасау», «Поль Сезанн. Ермексазбен пейзаж жасау», «Сазтерапия», «Бірге сурет саламыз», «Интуитивті кескіндеме» тақырыптарында 7 дамытушы шеберлік сабағы болды. Онда балалар киізден суреттер, фетрден кілемшелер, тұмарлар, ермексаздан табиғат көріністерін, саздан геометриялық пішіндер жасады. Сондай-ақ, аниматорлардың қатысуымен мәдени ойын-сауықтық бағдарламалар және фуршет ұйымдастырылды. Фестиваль қорытындысы бойынша әрбір қатысушы балаға алғыс хат пен сыйлық берілді.

null

Соңғы жаңалықтар