+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ұлттық музей «Музейлер түні» акциясын онлайн форматта өткізеді

2020 жылғы 15 мамыр 13:12
Бөлісіңіз:
Ұлттық музей «Музейлер түні» акциясын онлайн форматта өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық музейлер күніне орай жыл сайын 18 мамырда өтетін «Музейлер түні» акциясы биыл карантинге байланысты онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық музейіне сілтеме жасап.

Онлайн жиынды 18 мамырда сағат 17:00-21:00 аралығында өткізу жоспарланған.

«Музейлер түні» акциясы ҚР Ұлттық музейінде 5 жыл бойы ұйымдастырылып келеді. 2015 жылғы алғашқы акцияға 23 мың адам қатысса, 2016 жылғы 18 мамырда - Ұлттық музейге 30 мыңнан астам адам келген. 2017 жылы бұл акция 2 рет өтті. Оның алғашқысы «Наурыз» мерекесіне орай «Наурыз – жаңғыру нышаны» деген тақырыппен ұйымдастырылып, екіншісі - Халықаралық музейлер күніне арналды», - деп хабарлады Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.

Биылғы «Музей түні» шарасы «Бір біргеміз» тақырыбында әлеуметтік парақшалар арқылы жүргізіледі.

«Акция Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтауымен басталады. Бағдарлама барысында көрермендер назарына музей залдары бойынша түсірілген «Ұлы Дала жауһарлары» және «Ұлттық музей – ұлт айнасы» атты сұхбаттар мен деректі фильмдер ұсынылады. Сонымен бірге, ҚР Ұлттық музейі бойынша виртуалды экскурсия ұйымдастырылып, Қасиетті Қазақстан бойынша бейнероликтер көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Халықаралық музей күні мерекесі 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген. Аталған датаға орай 1997 жылы алғашқы «Музей түні» шарасы Берлин қаласында өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT