«Ұлттық мұра» автошеруі Алматыдан оңтүстік өңірлерге аттанды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдан тұңғыш мәдени автошеру еліміздің оңтүстік өңірлеріне аттанды. Бұл шара «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына 10 жыл толуына орай ҚР Ұлттық мұражайының бастамасымен өтіп жатыр.

Экипаж мүшелері «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-да жасалған отандық SsangYong Nomad маркалы көлігімен 10 күн ішінде 7 мың шақырымды бағындырмақ. Ұлттық мұражайдың бір топ қызметкерлері осы уақыт аралығында еліміздің барлық өңірлеріндегі мәдени нысандарды аралап шықпақ.

«Бағыт бойынша Қазақстанның оңтүстігі мен орталығындағы облыстық мұражайлар мен мәдени нысандарға барамыз. Олардың жай-күйімен танысып, толғандырып жүрген мәселелерін тыңдаймыз. Сапар барысында мұражай ісі бойынша өзара тәжірибе алмасып, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын насихаттауды мақсат тұтып отырмыз», - деді тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры, белгілі этнограф Жамбыл Артықбаев.

Қазіргі таңда автошеру Есік, Талғар қорғанына, Тамғалы тасқа, Тараздағы облыстық өлкетану мұражайына бас сұғып шықты. Қазір қатысушылар Шымкент қаласына бағыт алды.

Соңғы жаңалықтар