Ұлттық мұнай-химия технопаркінде 2 жоба іске асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Мәжілісте өткен отырыста «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақ аумағында 10 қатысушы тіркелген, олардың екеуі жобасын іске асырды. Екі жоба бойынша құрылыс жүргізілуде және 6 жоба жобалау сатысында тұр. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, тартылған инвестициялар көлемі – 850 млрд теңге болды. 23,1 млрд теңгенің өнімі шығарылып, 820 тұрақты және 3383 уақытша жұмыс орны ашылды», - деді Энергетика министрі.

Сондай-ақ, ол «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын тартуға мемлекеттен 161,7 млрд теңге бөлінгенін атады.

«Осы қаражатқа темір жол және автомобиль жолдары, инженерлік желілер мен жалпы зауыттық сипаттағы өзге де қажетті инфрақұрылымдық объектілер салынды. Сондай-ақ, қуаты 310 мВТ-ты құрайтын газтрубиналық электростансасы, пайдалануға берілді және су дайындау қондырғысының құрылысы жүзеге асырылуда. Бірінші кезеңдегі инфрақұрылымдық объектілер полипропилен өндіру жөніндегі зауыттың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар