Ұлттық құрамадан шығарылған боксшылардың есімдері белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер кеңесі өтті. Онда федерацияның вице-президенттері Юрий Цхай мен Бауыржан Оспанов спортшылардың Риодағы өнеріне «жақсы» деген баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Федерация таратқан ақпаратқа қарағанда, жаттықтырушылар кеңесі 4 жылдық кезеңдегі құраманың әрбір боксшысының жетістіктерін жан-жақты саралаған. Сондай-ақ құрама сапынан кететін спортшыларды атаған. Олар: 49 келіде АРВ экс-чемпионы Біржан Жақыпов, 60 келіде Берік Әбдірахманов және Азияның екі дүркін чемпионы Олжас Сәттібаев.

«Олар құрамадан кетуге ниетті екендіктерін жария етті және жаттықтырушылар кеңесі оларға кедергі жасаған жоқ. Дегенмен, бұл спортшылар AIBA-ның APB және WSB сынды жобаларына қатыса алады», - делінген хабарламада.

Мұнан бөлек, Рио чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс жүлдегер Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовке және қола жүлдегер Иван Дычкоға демалыс беріліп, қайта қалпына келулері үшін ел чемпионатын қоса алғанда кез келген жарысқа қатысудан босатылды.

Соңғы жаңалықтар