+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылады

2020 жылғы 30 маусым 04:00
Бөлісіңіз:
Ұлттық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және бақылау үшін құрылған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жедел штабы ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу жиындарын өткізу мен ұйымдастырудың уақытша тоқтатылатыны туралы ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұқсас жаңалықтар
2022 жылғы арнайы қысқы Олимпиада ойындары Қазанда өтеді «Астана» велокомандасы «Тур де Франс» веложарысына қатысады «Қайрат» бапкерінің коронавирус жұқтырғаны рас па - Клуб ресми мәлімдеме жасады

1 шілдеден бастап барлық құрама командалардың оқу-жаттығу жиындары тоқтатылды. Мұндай шешім Қазақстанда коронавирус індетінің өршуіне және көптеген ірі халықаралық жарыстардың кейінге шегерілуіне байланысты қабылданған.

Сонымен бірге, қазіргі таңда жаттығу жиындарын өткізіп жатқан команданың барлығы тоқтатылып, бұдан кейін жоспарланған жиындар өтпейтін болады.

«Маусым айында оқшаулану режимінде бірнеше құрама команда оқу-жаттығу жиындарын сәтті өткізді. Сондай-ақ, тағы бірнеше команда санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып спорт нысандарында жаттығуын жалғастыруда. Елімізде эпидемиялық жағдайдың өршіп кетуіне байланысты, сонымен қатар, құзырлы мекемелермен ақылдаса келе жедел штаб тобы құрамалардың жаттығу жиындарын тоқтату туралы шешім қабылдады. Біз жағдайды күнде жіті қадағалап отырмыз. Айта кетерлігі, ҰОК үшін спортшылардың денсаулығы әрдайым бірінші кезекте тұрады», дейді жедел штабтың жетекшісі, спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.

1-29 маусым аралығында 12 спорттық нысанда 26 оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Оған 22 ұлттық құрама командасы қатысты. ОЖЖ қауіпсіздік шарасы қатаң сақталған спорт нысандарында кезең-кезеңімен өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT