Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов алтынға таласады

None
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дев Нишантпен рингке шықты.

Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі қазақстандық боксшыға басымдықты берді. Екінші кезеңде ештеңе өзгерген жоқ. Ақыры ол ұпай санымен жеңіске жетті.

Бүгін енді Қазақстаннан Нұрбек Оралбай финалға шығу үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық бес боксшының әлем чемпионатының финалына шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан алғашқы болып Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты.

Сонымен бірге Махмұд Сабырхан мен Дулат Бекбауов та - финалда.


Соңғы жаңалықтар