Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының қоштасу кеші болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті базасында ағылшын тілі курсынан өткен профессорлық-оқытушылық құрамының қоштасу кеші өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Курстың негізгі мақсаты оқу, сөйлеу, жазу және тыңдау дағдыларын, сондай-ақ мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, іскерлік жағдайды ескере отырып, ауызша және жазбаша қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін білу негізінде жазбаша және ауызша ағылшын тілін практикалық меңгеру болып табылады.

Шараның қорытынды кезеңінде профессор-оқытушылар құрамына курсты сәтті аяқтағандары туралы сертификаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар