Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары диплом алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қашықтан оқу курсын сәтті аяқтаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттарына дипломдар табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Түлектерді Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов құттықтады.

«Оқу барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамы білімімен және тәжірибесімен бөлісті. Университеттің бүгінгі түлектері туралы өз ісінің шебері, елінің шынайы патриоты және лайықты Отан қорғаушы деп айта алатынымызға сенімдімін», - деді университет бастығы.

Ұлттық университеттің дипломын қашық технологиясымен білім алған 18 магистрант және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бағдарламасы бойынша күндізгі бөлімде оқыған Армения Республикасы қарулы күштерінің екі офицері алды.


Соңғы жаңалықтар