Ұлттық қорға түсімдер мөлшері 2010 жылы 1 трлн. 371 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 7,9 пайызды құрайды деп болжануда - Б. Сұлтанов

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Ұлттық қорға түсімдер мөлшері 2010 жылы 1 трлн. 371 млрд. теңге немесе жалпы ішкі өнімге 7,9 пайызды құрайды деп болжануда.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт жыл сайын шамамен 1 трлн. теңгені құрайтын болады. Дегенмен бұл сома Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен артып кетпейді. Яғни, бұл мөлшер аталған қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы талаптарына сәйкес жұмсалады. Сонымен қатар, болжанған макрокөрсеткіштерге сәйкес Ұлттық қор активтерінің одан әрі жинақталуы жалғаса түседі. Осылдайша 2012 жылдың соңына қарай Ұлттық қор активтерінің жинақталуын 31 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу болжанып отыр», деді Б. Сұлтанов.  

Соңғы жаңалықтар