Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 1,2 млрд долларға ұлғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қордың валюталық активі 53,1 млрд долларды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдын ала деректерге сәйкес, шілденің қорытындысы бойынша, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 1,2 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 53,1 млрд АҚШ долларын құрады.

Өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 518 млрд теңге бөлінді.

«Трансферттің бір бөлігі Ұлттық қордың теңгедегі шотындағы қалдықтар, сондай-ақ қорға теңге түсімі есебінен бөлінді. Сонымен қатар, ішкі валюта нарығында 599,2 млн АҚШ долларына активтер сатылды, бұл – өз баламасында 288 млрд теңгені құрайды», - деді ол.

ҰБ төрағасы орынбасарының дерегінше, маусымда қорға 582 млн АҚШ доллары көлемінде валюталық түсім түсті.

«Ұлттық қордың инвестициялық кірісі өткен айдың қорытындысы бойынша оң қалыптасып, акциялар нарығын ішінара қалпына келтіру есебінен 1 240 млн АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Ұлттық қордың ұзақ мерзімді кірістілігі құрылғаннан бастап жылдық мәнде 3,17 пайыз болды», - дейді Әлия Молдабекова.


Соңғы жаңалықтар