Ұлттық қордың қаражатын үнемдеуге назар аударылып отыр – Қаржы министрі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық қордың қаражаты 2030 жылға қарай 100 млрд долларға жеткізілмек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу саясатын жалғастыру мақсатында республикалық бюджетке берілетін трансферттер қаражатын біртіндеп азайту қарастырылған. Бұл Мемлекет басшысының Ұлттық қордың қаражатын 2030 жылға қарай 100 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді», - деді Е. Жамаубаев.

Биыл наурыз айында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ұлттық қор активінің кемуіне қатысты пікір білдірген еді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында былтыр Қытайдан келген тауарлар бойынша бюджетке 465 млрд теңгеге кедендік төлем мен салық түскені айтылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60% артық.


Соңғы жаңалықтар