Ұлттық қордың активтері 54,9 млрд долларды құрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қордың активтері 54,9 млрд долларды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қордың активтері осы жылғы қарашаның соңында 54,9 млрд АҚШ долларын құрады. Қарашада 310 млрд теңгеге нысаналы және кепілдік берілген трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 617 млн АҚШ доллары сатылды. Қарашада Ұлттық қорға 657 млрд теңге, оның ішінде шетел валютасында 1 млрд АҚШ доллары түсім түсті»,- деді ол.

ҰБ төрағасының айтуынша, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі осы жылғы қарашада теріс қалыптасып, негізінен дамыған елдердің акциялар және облигациялар портфельдерінің тиісінше (-)2,11 және (-) 0,64 пайызға төмендеуі есебінен (-) 541 млн АҚШ доллары болды.

«Коронавирустың жаңа штамына байланысты нарықтардың жоғары құбылмалылығына қарамастан, инвестициялық кіріс жыл басынан бастап оң қалыптасып, 1,4 млрд АҚШ доллары немесе 2,52 пайыз болды», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар