Ұлттық қордан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаржысын толықтыруға 7 млрд. 200 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық қордан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаржысын толықтыруға 7 млрд. 200 млн. көлемінде қаржы бөлінеді. Бұл туралы әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға қаржы тарту бойынша өткен баспасөз мәслихатында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

Оның айтуынша, дәл қазіргі күрделі экономикалық жағдайда ШОБ субьектілерінде айналым қаржысының жетіспеушілігі қатты сезіледі.

«Осы мәселеге байланысты ҚР Президенті 28 тамызда Жарлыққа қол қойды. Онда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толтыруға берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау туралы шешім қабылданды. Осы бағытта Ұлттық қордан 7 млрд 200 млн теңге көлемінде мақсатты трансферт бөлінеді. Сондай-ақ, проценттік мөшлерлеме көлемі де 14 пайыз көлемінде белгіленді», - деді Л.Ибрагимова.

Мұндай ұсынысты ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі банктер, бизнес өкілдері білдірген. Енді тек қана инвестициялық қарыздар ғана емес, айналым қаражатының қарыздары да «Даму» қоры тарапынан демеуқаржымен қамтылады.

Қазіргі таңда жаңа бағдарлама ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жасалып жатыр. Одан кейін ҚР Үкіметі қаулысымен бекітіледі.

Соңғы жаңалықтар