+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Ұлттық қордан республикалық бюджетке тартылған қаржының пайдаланылмаған бөлігі қайтарылмайды

2020 жылғы 30 наурыз 10:47
Бөлісіңіз:
Ұлттық қордан республикалық бюджетке тартылған қаржының пайдаланылмаған бөлігі қайтарылмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республикалық бюджетті нақтылау кезінде тиісті сараптамалар жүргізілмейді. Ол бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде нақтыланған республикалық бюджет жобасына енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай шаралар «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің жаңа қаулысында көзделген.

Қаулыға сәйкес, бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттер тәсілімен қаржыландырылатын жобалар, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері бойынша республикалық бюджетті нақтылау кезінде тиісті сараптамалар жүргізілмейді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде нақтыланған республикалық бюджет жобасына енгізіледі.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы және бюджеттік инвестициялар не бюджеттік кредит алатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы әлеуметтік-экономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету шараларын қабылдауға бағытталған активтер бойынша жобаларда әлеуметтік-экономикалық әсер беретін және дағдарысты жағдайлар тұрақтанғаннан кейін отандық бизнесті (оның ішінде экспортты) қолдауды, тұрақты жұмыс орындарын сақтауды (құруды) көздеуге тиіс.

Бұл ретте республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бюджеттік өтінімдерді енгізеді.

Қазақстан Республикасының Президенті төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде жергілікті атқарушы органдар қажет болған жағдайда резервтің жалпы көлемін трансферттер мен қарыздарды есепке алмай, тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің он процентіне дейін ұлғайтуы мүмкін.

Жергілікті атқарушы органдар резервінің бюджеттік бағдарламасына жергілікті бюджет қаражатын бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген жалпы көлемнің он процентінен аспайтын көлемде қайта бөлу жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тізбесі мен көлеміне сәйкес бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджетті түзету арқылы жүзеге асырылады.

Өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке тартылған пайдаланылмаған қаражат қайтаруға жатпайды және төтенше жағдай кезінде бюджетті нақтылау арқылы пайдаланылуы мүмкін.

Төтенше жағдай енгізілген кезде жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі қандай да бір өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты нысаналы трасферттерді төменгі бюджеттен жоғарғы бюджетке қайтару арқылы қайта қаралуы мүмкін.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсынан таныс бола аласыздар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Бюджет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT