Ұлттық қордан мұнай салығының түсімдерін ғана аламыз – Ұлттық экономика министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордан бюджетке трансферт алу саясаты қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің көлемі жаңа бюджет қағидасымен шектелген, болжам бойынша олар мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін тікелей салықтар көлемінен аспайтын болады.

Үкіметтің 2022 жылға арналған дағдарысқа қарсы шаралар жоспарының іс-шараларын және Мемлекет басшысының шешімі бойынша ұлттық ауқымдағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан 2023 жылы 1 трлн теңге және 2024 жылы 400 млрд теңге көлемінде нысаналы трансферт тарту жоспарлануда», - деді министр.

Айтуынша, келесі жылы республикалық бюджет шығыстары 21 трлн теңге болса, 2025 жылы 22,7 трлн теңгеге дейін біртіндеп ұлғаймақ.

«Жалпы ішкі өнім көлемі 2023 жылғы 17,4%-дан 2024–2025 жылдары 16,2-15,5%-ға дейін төмендеуі болжанып отыр. Жалпы контрциклдық бюджет қағидасын қолдану жоспарлы кезеңде республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқынын ЖІӨ-ге қатысты 16,4% деңгейінде тұрақтандыруды қамтамасыз етеді», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар