+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі төмендейді

2019 жылғы 12 қыркүйек 11:30
Бөлісіңіз:
Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі төмендейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2020-2021 жылдары 2,7 трлн теңге мөлшерінде айқындалды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Almaty Invest» халықаралық инвестициялық форумы өтеді Түрік инвесторы «Qyzyljar» экономикалық аймағының алғашқы қатысушысы атанды Мұндай оқиға әр елдің тарихында бір-ақ рет кездеседі - Елбасы теңгенің енгізілуі жайлы

Бұл туралы елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Макроэкономикалық болжамның негізінде 2020-2022 жылдарға арналған бюджет параметрлері мен Ұлттық қордың болжамы әзірленді. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді қоспағанда) 2020 жылы 8 трлн теңге сомасында, 2021 жылы – 8,6 трлн теңге, 2022 жылы – 9,4 трлн теңге сомасында болжанады», - деп тоқталды М. Такиев Парламент Мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті 2020-2021 жылдары 2,7 трлн теңге мөлшерінде, ал 2022 жылы 2,6 трлн теңгеге дейін төмендетумен айқындалды.

«Осыны ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы әзірленді. Ұлттық қорды жоспарлы пайдалану Ұлттық қордағы қаражаттың төмендетілмейтін қалдығы бойынша шектеудің орындалуын (ЖІӨ-нің кемінде 30%) қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді М. Такиев.

Вице-министрдің айтуынша, бюджет тапшылығы 2020 жылы жалпы ішкі өнімнің 2,1%, кейіннен 2021 жылы – 1,5% дейін және 2022 жылы – 1 % дейін төмендетілген мөлшерінде белгіленді.

«Осы параметрлерді есепке ала отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы 12,7 трлн теңге, 2021 жылы 13,2 трлн теңге, 2022 жылы – 13,6 трлн теңге көлемінде белгіленді», - деді Мәди Такиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT