Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі артады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңына өзгеріс енгізу туралы» заң жобасын мақұлданды.

Осы орайда Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшерлері 2019 жылы 250 млрд теңгеге ұлғайтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасымен 2019 жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің сомасын түзету қарастырылуда. «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде берілген тапсырмаларын іске асыру үшін Ұлттық қордан кепілденрілген трансферт мөлшерін 2019 жылы 2 трлн 450 млрд теңгеден 2 трлн 700 млрд теңгеге дейін ұлғайту ұсынылады», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Оның сөзіне қарағанда, кепілдендірілген трансферттің 2019 жылға белгіленген мөлшері Ұлттық қордағы төмендетілмейтін қаражат қалдығы бойынша шарттың орындалуын ЖІӨ-нің 30 пайызы көлемінде қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар