Ұлттық қордан алынған қаражат түскен кірістен асып кетті – Есеп комитеті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Былтыр Ұлттық қордан алынған қаражат түскен кірістен асып кеткен. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Парламенттің бірлескен отырысында мұндай тенденцияға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2015 жылдан бері Ұлттық қорды белсенді пайдаланып келеміз. 2019-2020 жыл туралы айтып отырған жоқпыз. Шынымен де пандемиямен байланысты дағдарысқа қарсы шараларға қаржы қажет болды. Бірақ 2021 жылы жалпы ахуал айтарлықтай жақсарды», - деген комитет басшысы былтыр бюджет те пандемия кезіндегі инерциямен жоспарлағанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатына арқа сүйемеуі керектігі туралы тапсырмасына қарамастан, 2021 жылы 4,5 трлн теңге жұмсалды. Ал бұл кезеңде Ұлттық қорға 4,3 трлн теңге ғана кіріс түскен», - деді Наталья Годунова.

Айта кетейік, Парламенттің бүгінгі бірлескен отырысына Бірлескен отырысқа ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, Үкімет мүшелері қатысып жатыр.



Соңғы жаңалықтар