Ұлттық қор табысын балаларға аудару: Министр алдын ала тетіктерді атады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2024 жылдан балалардың дербес есепшоттарына бірдей мөлшерде қаржы аударыла бастайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің «Ұлттық қор - балаларға» бастамасын жүзеге асыру мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, бағдарламаны іске қосу тетіктерін пысықтап жатыр. 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы есепшот ашылатын болады. 2024 жылдан бастап жыл сайын балалардың есепшотына Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы аударыла бастайды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, қаражат жылына бір рет келесі жылдың басында 18-ге толмайтын барлық балаға теңдей мөлшерде аударылатын болады.

«Әзірше алдына ала тетіктері осындай. Қазіргі уақытта есептеулер қосымша пысықталып жатыр», - деді Әлібек Қуантыров.


Соңғы жаңалықтар