+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ұлттық қор ел үшін «қауіпсіздік жастығы» рөлін тағы да орындады - Годунова

2021 жылғы 21 маусым 12:14
Бөлісіңіз:
Ұлттық қор ел үшін «қауіпсіздік жастығы» рөлін тағы да орындады - Годунова

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қор қаражатын басқарудың тәсілдерін қайта қарау қажет. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп коитетінің төрайымы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс депутатына құрылыс материалдарының қымбаттауынан туындаған проблемалар айтылды - Қарағанды

«2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы COVID-19 пандемиясынан туындаған қатаң шектеу іс-шараларымен және мұнай бағасының рекордтық төмендеуінен сипатталатын дағдарыс жағдайларында жүзеге асырылды. Алайда, Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша қабылданған іс-шаралардың арқасында Үкімет Қазақстан экономикасының елеулі құлдырауының алдын алуға және сыртқы күйзелістердің салдарын азайтуға қол жеткізді. Ұлттық қор ел үшін «қауіпсіздік жастығы» рөлін тағы да орындады», - деді комитет төрайымы.

Дегенмен, оның атап өтуінше, әлемдік экономика түбегейлі өзгеріп жатқан кезеңде шикізаттық емес кірістердің жаңа көздерін іздеу және Ұлттық қор қаражатын басқарудың тәсілдерін қайта қарау қажет.

«Мұнай-газ секторына деген тәуелділік төлем балансының жай-күйінің нашарлауын және ұлттық валютаның тұрақтылығы тәуекелін тудырады. Кәсіпкерлікті, әсіресе, өнеркәсіпті қолдауға айтарлықтай күш-жігер жұмсалуы тиіс», - деді Наталья Годунова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT