«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы қалай әзірленіп жатыр – министр пікірі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Әділет Есқараев «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарламаның қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта арнайы заң жобасы әзірленді, Мәжілістің қарауына беріліп, жұмыс топтарында талқыланып жатыр. Жақын арада Мәжіліске қабылданады деп үміттенемін», - деді министр Астана халықаралық форумының кулуарында.

Оның айтуынша, жеке тұлғалардың деректер базасы мен мәліметтер министрлікте сақталады.

«Заң жобасында төлем сомасы, балалардың өз шотына қаражат алу құқығы, қанша жасқа дейін қанша теңге алатыны бекітіледі. Бұл түзетулер Бюджет кодексі мен басқа да заңнамалық актілерге енгізіледі. Яғни, бала 18 жасқа толғанда төлемді алу туралы тиісті өтінім береді. Әрі қарай өз қалауынша заңнама аясында оқуға немесе баспанаға жұмсай алады. 18 жасқа дейін әр балаға шамамен бір жарым миллион теңге төленеді», - деп түсіндірді министр.

Заң жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар