Ұлттық қор активтерінің жинақталуы 2012 жылдың соңына таман 31 млрд. АҚШ доллары болады деп болжануда

None
None
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - ҚР Ұлттық қоры активтерінің жинақталуы 2012 жылдың соңына таман 31 млрд. АҚШ доллары болады деп болжанады.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық қорға түсімдердің 2010 жылға арналған болжамы 1 трлн. 371 млрд. теңгені құрайды. Бұл жалпы ішкі өнімге 7,9 пайыз деген сөз. Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт жоспарланатын жылдың алдындағы Ұлттық қор активінің 33 пайызын құрайды. Бұл жыл сайын шамамен 1 трлн. теңге мөлшерінде деген сөз. Сонымен бірге, бекітілген макрокөрсеткіштерге сәйкес Ұлттық қор активтерінің одан әрі жинақталуын 2012 жылдың соңына қарай 31 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу болжанып отырғанын атап өту қажет», деді министр Б. Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар