+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Ұлттық қор активтері қандай деңгейде өсті

2021 жылғы 15 маусым 13:08
Бөлісіңіз:
Ұлттық қор активтері қандай деңгейде өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ұлттық қордың қазіргі жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа үйлердің дыбыс өткізбеу қабілеті неге нашар Құрылыс материалдарының неше пайызы елімізде өндіріледі Қаржы министрі бюджеттің кірісін қалай арттыратынын айтты

«Бюджеттік процестің маңызды компоненті – ол Ұлттық қор. Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша оның активі 27,6 трлн теңгені құрады, оның ішінде валюталық портфель 58,5 млрд доллар. Атап айтқанда, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор 744 млрд теңгеге өсті», - деді Е. Жамаубаев халық алдында есеп беруі кезінде.

Оның айтуынша, министрлік тарапынан қордың жинақ қызметін күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Осы орайда Ұлттық қордан кепілді трансферт көлемін біртіндеп қысқарту бойынша Бюджет кодексіне түзетулер енгізілді. Бұл қадамдар Ұлттық қор активтерінің жинақталуына ықпал етіп, мұнайлы емес тапшылықты біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомствоның 2021 жылдағы жұмысының негізгі бағыттарын атады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT