Ұлттық қор активтері 1 айда 530 млн долларға ұлғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қор активтері 1 айда 530 млн долларға ұлғайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қордың активтері биылғы жылғы сәуірдің аяғында бір айда 530 млн АҚШ долларына ұлғайып, 57,6 млрд АҚШ долларын құрады. Осы жылғы сәуірде 333 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 788 млн АҚШ доллары сатылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі осы жылғы сәуірде 1,1 млрд АҚШ доллары немесе 2 пайыз болды. Бұл ретте акциялар портфелінің өсуі 734 млн АҚШ долларын, облигациялар портфелінің өсуі 278 млн АҚШ долларын және алтынның өсуі 106 млн АҚШ долларын құрады.

«Жылдың басынан бастап Ұлттық қордың инвестициялық кірісі негізінен осы жылғы сәуірде облигациялар нарығының қалпына келуі және акциялар нарығындағы өсу арқасында 940 млн АҚШ долларын немесе 1,7 пайызды құрады», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар