+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды

2021 жылғы 10 маусым 18:14
Бөлісіңіз:
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР АҚДМ әдістемелік қолдауымен «KazakhInvest», «Қазақстан Ғарыш сапары» және «KazakhExport» ұлттық компанияларында қоғамдық кеңестер құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің, «QazExpoCongress», «Қазгеология», «ҚазАвтоЖол», «Қазақстан Инжиниринг», «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы», «KazakhTourism», «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ұлттық компанияларының қоғамдық кеңестерін құру рәсімі жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қабылданған «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға түзетулердің арқасында квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 13 Қоғамдық кеңес құрылуда. Олардың құрылуына мемлекеттік бюджеттің қаражаты жұмсалмайтындығын атап өту қажет.

«Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының қоғамдық кеңесінің құрамына 11 мүше сайланды, олардың 7 – еуі азаматтық қоғам өкілдері, олардың ішінде Мейірбек Молдабеков – профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық астронавтика және космонавтика академиясының академигі, Симбай Дүйсенов – Халықаралық байланыс академиясының академигі, Абзал Жамалов-профессор, «ЖҚЗ саласындағы компаниялар қауымдастығы» ЗТБ құрылтайшысы және басқалары.

«KazakhInvest» ұлттық компаниясының қоғамдық кеңесінің құрамына азаматтық қоғамның 9 өкілі кірді, олардың ішінде «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ өкілі Әліби Өтеулов, Қазақстан қаптаушылар қауымдастығының басқарма төрағасы Батырбек Әубәкіров, Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице – президенті Анар Мақашева, «Ұлттық корпоративтік басқару академиясы» РҚБ атқарушы директоры Лаура Шашпан және басқалары.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында квазимемлекеттік секторда Қоғамдық кеңестер құру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдың басында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға Қоғамдық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін кеңейтетін, оларды квазимемлекеттік сектордың жұмысына тартуды көздейтін түзетулер қабылданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT