Ұлттық компания қызметкерлері 25 пайызға қысқарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания жұмысшыларының саны 25 пайызға қысқарады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Қоғаммен диалог, ашықтық, адамдардың мұқтаждығына жедел әрекет ету – мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыты болып табылады. Президент әкімшілігінде мемлекеттік органдардың азаматтардың жүгінімдерін қарау сапасын бақылайтын бөлім ашылды. Адамдар орталық және жергілікті орындардағы шенеуніктердің салғырттығы мен жабықтығының салдарынан Президентке жүгінуге мәжбүр. Қандай да бір салада шығарылған шешімнің әділетсіздігіне бірнеше рет шағым түсуі нақты бір мемлекеттік органда немесе өңірде жүйелі проблема бар екенін көрсетеді», - деген Президент Мемлекеттік қызметкерлердің сапасын арттыру үшін олардың қатарына жас даярланған мамандарды тарту қажеттігін атады.

«2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер санын біртіндеп қысқартуға көшеміз. Одан босаған қаржыны пайдалы қызметкерлерді материалдық тұрғыда ынталандыруға бағыттаймыз. 2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың жұмысшылар санын 25 пайызға, яғни төрттен біріне қысқарту керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар