Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне БАҚ өкілдері кіруі тиіс - Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне БАҚ өкілдері кіруі тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауалды тұғырнамамда саяси жүйені трансформациялау міндетін қойған едім. Оның негізі - мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, жалпыұлттық міндеттерді шешуде БАҚ мен мемлекеттік органдардың сындарлы өзара іс-қимылын нығайту. Мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшыларына онлайн-қабылдаулар, жеке блогтар ашуға тапсырма бердім. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруға бастамашылық жасадым. Қазіргі уақытта оның құрамына қатысты кеңес жүріп жатыр. БАҚ өкілдері де кеңес құрамына кіруі тиіс деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті әлеуметтік-саяси өзгерістердің қарқынды өзгеріске ұшырауы жағдайында журналистер қоғамдастығының мемлекет пен қоғам өміріндегі рөлі айтарлықтай арта түсетіндігін баса айтты. Отандық медиақоғамдастықтың дұрыс шоғырлануы, журналистердің жауапкершілікке толы азаматтық ұстанымы, олардың шынайылығы ақпараттық кеңістіктің табысты жұмыс істеуінің негізі екендігін атап өтті.

«Мемлекет өз тарапынан БАҚ-қа қолдауын жалғастыра беретін болады», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар