Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі оң нәтиже бере бастады - Данияр Тәшенов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудағы «Тыныс» акционерлік қоғамының бастауыш партия ұйымының төрағасы Данияр Тәшенов Ұлттық кеңестің екінші отырысындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңестің екінші отырысындағы тапсырмалары әрбір қазақстандыққа өте құнды, практикалық пайдасы зор. Соның ішінде, маңызды шешімдердің бірі, ол қазақстандық ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін шетелдік және отандық жұмысшылардың экономикалық құқықтарын теңестіру арқылы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға арналғандығы қуантады. Бұл қазақстандық қарапайым жұмысшының жағдайын жақсартып, жұртты еңбекпен қамту бағытындағы маңызды қадам болмақ.

«Мәселен, еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналатын зауыт – «Тыныс» акционерлік қоғамының ұжымы биыл 60 жылдығын атап өтті. Біздің зауытта құрастырылып шығарылатын өнім тапсырыс берушілер тарапынан жақсы бағаланып, сұранысқа ие болуда. Осы орайда, ұжымымыз өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Зауытта құрастырылып шығарылған әрбір өнім біздің қажырлы еңбегіміздің жемісі. Сол үшін еңсеміз көтеріліп, бұдан да зор жауапкершілік, шынайы ықыласпен жұмыс істеуге тырысамыз.

Биылғы жылы зауытта мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балаларға арналған арба шығарып отырмыз. Оның алғашқы екеуі өзіміздің жерлестерімізге тапсырылды. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша көптеп шығаратын боламыз», - дейді Д.Тәшенов.

Сонымен қатар, ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі оң нәтиже бере бастағанын және онда айтылған міндеттерге бүгінгі таңда «Тыныс» акционерлік қоғамының басшылығы да аса мән беріп, ойдағыдай жүзеге асырып отырғандығын атап өтті.

«Кәсіпорынның басты байлығы - ұжым. Ұжымда 800-ден астам адам еңбек етеді. Олардың барлығы қазақстандықтар. Сондықтан, зауыт басшылығы олардың жұмысы мен отбасылық жағдайына ұдайы назар аударып отырады. Бүгінгі күні жұмысшылардың орташа еңбекақысының облыс бойынша жоғары болуы соның бір жемісі», - деп түйіндеді Д.Тәшенов.

Соңғы жаңалықтар