Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамды демократияландыруға септігін тигізеді - депутат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамды демократияландыруға септігін тигізетін болады. ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлықтың шығуына орай осындай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Надежда Петухова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сайлауалды кампания барысында сайлаушылармен кездескен кезде саяси жүйеде өзгерістер болып жатқаны туралы айтқан едім. Біздің кандидат мықты Президент, ықпалды Парламент және есеп беруге міндетті Үкімет болуы тиістігін мәлім етті. Ол сондай-ақ пікірлерді және мемлекеттегі проблемаларды зерделеу үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы айтты. Сол себепті, менің ойымша, бұл, ішкі саяси ахуалдың жақсаруына, қоғамның демократиялануына және үшіншіден, сабақтастықты, әділеттілік пен прогресті іске асыруға септігін тигізетін болады», - деді Н.Петухова.

Оның сөзінше, азаматтық қоғамның жаңа институты мемлекет жетекшілеріне жақын болады. Және көптеген әлеуметтік түйткілдер жылдам әрі тиімді шешіледі.

Соңғы жаңалықтар