Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі дер кезінде құрылды - Лима Диас

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі көп қызмет атқаруы тиіс. «Аманат» азаматтық платформасының әкімшісі Лима Диас осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазір қоғамда кейде бір-бірімен ынтымағы жарасып, кейде арасы алшақтап кететін топтар туралы пікірлер айтылып жүр. Меніңше, қоғамның сұранысына жауап ретінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі дер кезінде құрылды. «Сенім кеңесі» дегеннің өзі қазірде Қазақстан үшін аса маңызды. Бұл - ең алдымен мемлекетке, кез келген жаңа бастамаларға деген сенім. Диалог формасы - осы сенімді тудыратын бірден-бір дұрыс форма. Диалог - өзгенің пікірін құрметтеу, диалог - қарама-қайшы пікірлерді қабылдау. Өйткені, өкінішке қарай, қазіргі азаматтық қоғам белсенділерінің барлығы да өзгені тыңдай білмейді. Өз пікірін бірден-бір дұрыс пікір деп санайды. Азаматтардың бір-бірін түсінуі мен сыйластығы уақыт өте қалыптасатын жайт, меніңше, жоғары деңгейдегі осындай алаңдар азаматтардың сыйластығын дамытуға септігін тигізеді», - деді Л.Диас.

Оның айтуынша, ендігіде Ұлттық кеңестің құрамы сапалы болуын, халықтың барлық буынын қамтуын қадағалау қажет. Сонда ғана Кеңес дұрыс қызмет жүргізіп, нақты мәселелерді қозғай алады, идеяларды ұсынады.

Автор: Мейрамбек Байғарин

Соңғы жаңалықтар