Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2 жыл ішінде не атқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына 2 жыл толып отыр. Осыған қарай ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли кеңестің 2 жылда атқарған жұмысының қорытындысын өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысының жазуынша, биыл Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына 2 жыл толды. Осы уақыт аралығында кеңес тарапынан 90-нан астам нормативтік-құқықтық акт қабылданған. Соның нәтижесінде елде ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысы 2 есеге артып, суденттер, магистранттар мен докторанттардың жалақысы өскен.

Бұған қоса елде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау кеңесі құрылып, ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім берудің жаңа ережелері бекітіліп, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтарға берілетін субсидия екі есеге артқан және игерілмей жатқан жер теліміне салынатын базалық салық мөлшерлемесі көбейген.

Сонымен қатар кеңес ауыл шаруашылығы жерлерінің шетел азаматтары мен заңды тұлғаларға сатылуына және жалға берілціне тыйым салынып, биылғы жылдан бастап, жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік берілген.


Соңғы жаңалықтар