Ұлттық қоғамдық кеңес құру бүгінгі күнің талабы - Асылбек Қожахметов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Асылбек Қожахметов жаңа құрылған кеңеске жүктелген жауапкершілік мол екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бүгінгі күнің талабы. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды. Бұл - өте маңызды бастама. Еліміздің дамуына өзіндік үлес қосады», - дейді Асылбек Қожахметов.
Оның айтуынша диалог алаңы қазіргі қоғамға қажетті.
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру бұл үлкен шаруа. Бұл халыққа қажет деп есептеймін. Билік пен халық арасында байланыс орнайды. Кеңес мүшелері өздеріне жүктелген жауапкершілікті түсінеді деп сенемін. Бәрі алғашқы отырыстан кейін белгілі болады. Ең бастысы Ұлттық сенім кеңесін Президент өзі басқарады, демек атқарылатын шаруалар 100% нәтижелі болмақ», - дейді Асылбек Қожахметов.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент 2019 жылдың 12 маусымында елордадағы ұлықтау рәсімінде мәлімдеген болатын.
Ұлттық кеңеске түрлі салада жұмыс істейтін, азаматтық белсенділік танытқан 41 адам мүше атанды.
- Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
- Президент бастамалары партиялар жұмысын жандандырады - Төлеутай Рақымбеков
- Ерлан Қарин: Ұлттық кеңестің бесінші отырысы ақпанда өтеді
- Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар - Ерлан Қарин
-
Марат Бәшімов: Ұлттық кеңес мүшелерінің Мәжіліске барғанын қолдаймын
-
Еліміздің тарихи оқиғаларын әлемге насихаттаудың маңызы зор - сенатор
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам