+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ұлттық кітапхананың қоры түрік ақын-жазушыларының еңбегімен толықты

2019 жылғы 20 қараша 14:05
Бөлісіңіз:
Ұлттық кітапхананың қоры түрік ақын-жазушыларының еңбегімен толықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– ҚР Ұлттық кітапханасының қоры түрік ақын-жазушыларының еңбегімен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ILESAM» түрік ғылыми және әдеби шығармалар авторларының кәсіби ұйымы ҚР Ұлттық кітапханасына түрік тіліндегі 5 мың кітапты сыйға тартты. Ұйымының бас директоры Мехмет Нури Пармаксыз көркем әдебиет, проза, поэзия, балалар әдебиеті, анықтамалық басылымдар, сөздіктер, энциклопедиялар, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік маңызы бар ғылыми-танымал журналдарды тарту етті.







«Біздің елдің әдеби туындыларын сіздерге үлкен қуанышпен сыйға тартқымыз келеді. Кітап – бұл баға жетпес құнды дүние. Қазақстан мен Түркия бауырлас мемлекет. Біздің әдебиетіміз, мәдениетіміз өте ұқсас. Біз рухани жағынан да жақынбыз. Бұл кітаптар болашақ үшін қажет. Кейінгі ұрпақ тарихты тек кітаптан біледі. Олай болса, бұл құнды дүниені тек кітапханалар ғана жақсы сақтай алады. Сондықтан Түркия елі кітапты сыйға тарту жобасын әзірледі. Осыдан екі күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласындағы кітапханаға бес мың дана кітап сыйладық. Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханаға да 5000 кітап әкеліп отырмыз. Бұл үрдіс әлі де жалғасады»,- дейді ILESAM» ұйымының бас директоры Мехмет Нури Пармаксыз.

Өз кезегінде Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспанова бүгінгі таңда түрік әдебиеті секциясында кітаптар мол екенін айтты.

«Біздің кітапханада алты мемлекеттің кітап бұрышы бар. Бірақ түрік әдебиеті секциясында кітаптар алуан түрлі әрі басқаларға қарағанда көбірек. Жалпы кітапхана қоры – 7 млн», - деді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова.

«ІLESAM» түрік ғылыми және әдеби шығармалар авторларының кәсіби ұйымы 1986 жылы құрылған. Негізгі қызметі - ғылым және әдеби шығармалар авторларының, сондай-ақ олардың мұрагерлерінің мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қорғау. Түркияда әр туындының авторы осы бірлестіктің мүшесі. ILESAM – ғылым мен әдебиет саласындағы ең ірі ұйым (3 мыңға жуық мүше), оның мүшелері - жазушылар, ақындар және шет елдердің шығармашылық зиялыларының көптеген өкілдері. ILESAM-ның қызметі жыл сайын халықаралық әдеби байланыстарды дамыту бағытын ұстана отырып, көптеген аймақтар мен адамдарды қамтуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT