«Ұлттық киноны қолдау орталығы» акционерлік қоғамына жаңа басшы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ұлттық киноны қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметіне Андрей Хазбулатов тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Достарым, бүгін менін бұйрығымен «Ұлттық киноны қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып Андрей Хазбулатов тағайындалды. Андрей Хазбулатов - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, 2050 жылға дейінгі ҚР Мәдени саясаты тұжырымдамасы, «Кино туралы» ҚР Заңының әзірлеуші авторлардың бірі», - деп жазды министр.

Түрлі жылдары ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы, проректоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ның президенті, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры қызметтерін атқарды.

Әдебиет пен өнер қайраткерлері Мемлекеттік стипендиясының иегері, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, ғылым мен техника саласындағы үздік жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық Комиссиясының мүшесі.

Мәдениет және өнер саласындағы отандық және шетелдік жобалардың ғылыми және көркемдік жетекшісі. 50-ден аса ғылыми басылымдар мен 2 монографияның авторы.

Соңғы жаңалықтар