+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы тағайындалды

2020 жылғы 23 қараша 19:58
Бөлісіңіз:
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Есетжан Қосубаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған орталықтың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Кино орталығының ұжымына ұйымның жаңа басшысын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат таныстырған.

Есетжан Мұратұлы мемлекеттік басқару органдарында қызмет еткен. ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігін басқарған. Медиакомпаниялар мен қоғамдық құрылымдарға басшылық жасап, мәдениет саласында түрлі жобаларды ұйымдастырған.

Ол 1955 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1980 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. Ірі халықаралық өнер форумдарын, қоғамдық акцияларды, іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан. Әр жылдары «АРТ-Центр» продюсерлік орталығының бас директоры, «Алматы – моя первая любовь» ретро фестивалінің продюсері және жүргізушісі болған. «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивальдерінің іргетасын қалағандардың бірі. «Асыл мұра» қамқоршылық кеңесінің құрамында болған, соның арқасында көрнекті қазақ композиторларының шығармалары бар бір жарым мыңнан астам мұрағаттық жазбалар қалпына келтірілген

Бірнеше жыл бойы мәдени-қоғамдық институттарды басқарған. Коммерциялық және қаржы құрылымдарын басқару тәжірибесі бар. Қазақстанды мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамыту қорының бас директорының орынбасары, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті, «Kazenergy» қоғамдық қорының президенті лауазымдарында қызмет еткен. «Алтын-Алма» АҚ басқарма төрағасы, «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының басқарма мүшесі болған.

Есетжан Мұратұлы отандық медиақұрылымдардың, кино мен телевизияның аяққа тұруына және дамуына зор үлес қосқан. «Рауан Медиа Групп» компаниясының директорлар кеңесін басқарған. 1998 жылы Орталық Азиядағы ең ірі кинофорум – «Евразия» Бірінші халықаралық кинофестивалінің бас директоры болып тағайындалған.

Е.Қосубаевтың шығармашылық өмірбаянында жеке актерлік тәжірибесі бар. Оның ішінде атақты кеңес режиссері Юрий Чулюкиннің «И в шутку, и всерьёз...» фильмінде (1963 ж.) басты рөлді сомдаған. Қазіргі уақытта Е.Қосубаев Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директоры.

«Құрмет» және 2 дәрежелі «Достық», Ресейдің Чернобыль ардагерлер комитетінің «Долг и честь» ордендерімен, сонымен қатар, түрлі төсбелгілермен және медальдармен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT