+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Ұлттық кеңестің құрамы өзгеріп тұру керек – Ерлан Саиров

2019 жылғы 22 шілде 13:15
Бөлісіңіз:
Ұлттық кеңестің құрамы өзгеріп тұру керек – Ерлан Саиров

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров ұйымның құрамы уақыт талабына сай өзгеріп отыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайдыҚазАққпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзекті проблемалардың шешімі әлеуметтік үйлесімдік пен тұрақтылықты нығайтады - Яо Пэйшэн Жәнібек Қожық: Шетелдік жұмыс күшіне квота қысқарса, елдегі жұмыссыздар саны да азаяды Билік қоғаммен диалогқа, реформаға мүдделі болып отыр – Ақсерік Әйтімов

Әуелі Ерлан Саиров халық Ұлттық кеңеске өз ұсыныс-шағымдарын қалай жеткізетінін түсіндірді.

«Ұлттық кеңес мүшелерінің барлығының әлеуметтік желіде аккаунттары бар. Сол аккаунттар арқылы хабарласуға болады. Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин жуықта кеңестің жеке аккаунты ашылатынын айтты. Осы аккаунт арқылы да елдің пікірі қабылданатын болады», - дейді қоғам қайраткері.

Сарапшының пікірінше, Ұлттық кеңес құрамы уақыт талабына сай өзгеріп тұруы керек.

«Кеңестің құрамы менің жеке пікірім бойынша, өзгеріп тұруы қажет. Қажет болса, мүшелер саны көбеюі де мүмкін. Ал жұмысына үлгере алмай, қоғамның сенімін ақтамағандар орнын басқаларға беруі керек. Біз цифрлық заманда өмір сүріп жатқандықтан, 40-тан астам мүше деген шартты дүние. Совет заманындағы сияқты қасаң режімнен аулақ болуымыз керек. Кеңестің жұмысына 18 млн адамның барлығының қатысуға құқығы бар. Елдің ой-пікірін дұрыс жеткізе алмаған адамдар орнын босатады. Мысалы мен өзім кеңес жұмысындағы миссиям орындалмай жатса, өз орныма басқа адамды ұсынамын», - деді ол.


Фото: Мухтар Холдорбеков

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ұлттық кеңес,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT