Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ұлттық кеңестің қоғамдық кеңестерден айырмашылығы не

2019 жылғы 22 шілде 15:48 230
Бөлісіңіз:
Ұлттық кеңестің қоғамдық кеңестерден айырмашылығы не

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің қызметіне арналған дөңгелек үстелде сарапшы Алуа Жолдыбалина оның қоғамдық кеңестерден айрмашылғын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алуа Жолдыбалина: Сенім кеңесінің өзіне сенім қалыптастыру қажет Ұлттық кеңестің құрамы өзгеріп тұру керек – Ерлан Саиров Ерлан Саиров елді алаңдатқан проблемаларға тоқталды

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина Ұлттық кеңеске Еуропалық Одақ, АҚШ, Малазия және Сингапур елдерінде пайдаланылатын форматтарды ұсынды.

«Менің пікірімше, Ұлттық кеңес жұмысын бастамас бұрын ақпараттық жұмыстарды көбейту керек. Мақсатын көпшілікке түсіндіру керек», - деген сарапшы аталмыш кеңестің басқа қоғамдық кеңестерден айырмашылығын атады.

«Ұлттық кеңестің мақсаты – жұртшылықтың, саяси партияның, азаматтық қоғамдардың барлығының пікірін жинақтап көрсету. Ал қоғамдық кеңестер саяси партиямен жұмыс істемейді, тек қана азаматтық сектормен жұмыс істейді. Яғни, билік пен азаматтық сектор арасында делдал болып жұмыс істейді. Міне, елге екі кеңестің екі бөлек орган екенін, міндеттері мен қызметтері де бөлек екенін түсіндіру қажет»,- деді Алуа Жолдыбалина.

Сондай-ақ, саясаттанушы Алуа Жолдыбалина Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің өзіне елдің сенімі қалыптасып болмағанын айтқан болатын.

Аталмыш дөңгелек үстелден кейін Ерлан Саиров журналистерге Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қалай мүше болғанын айтып берді.

Ерлан Саировтың пікірінше, Ұлттық кеңестің құрамы өзгеріп тұру керек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Ұлттық кеңес,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT