Ұлттық кеңесте Президент Жолдауының орындалу тетіктері қаралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық кеңес мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдауда айтылған біраз бастамалар кезінде Ұлттық кеңес отырысында көтерілген мәселелер. Бұл кеңес мүшелері жұмысының бір көрінісі деп есептейміз. Екіншіден, бүгінгі отырыста Ұлттық кеңестің жұмыс жоспарын айқындаудап, сол арқылы жолдауда айтылған әрбір бастаманы қалай жүзеге асыру керектігін пысықтаудамыз. Яғни Мемлекет басшысының жолдауда айтқан бастамалары мен тапсырмаларды орындаудың тетіктерін қарастыратын боламыз», - деді ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин отырыс барысында.

Оның айтуынша, Ұлттық кеңес мүшелері Президент Жолдауының жүзеге асыру процесін бірнеше бағыт бойынша жеке қарастырады.

«Жолдауда айтылған негізгі мәселелерді назарға ала отырып, оның орындалуын 11 бағыт бойынша бөліп қарастырудамыз. Оның ішінде саяси, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа салалар қамтылған. Жолдаудың мазмұны ауқымды, демек атқарылуы тиіс жұмыс көп деген сөз. Осы орайда, алдағы қазан айына Ұлттық кеңестің 4-ші отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар