Ұлттық кеңеске қатысушылардың пікірлері қаперге алынады деп сенемін – Арманжан Байтасов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал қазақстандық бизнесмен Арманжан Байтасов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысынан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің барлық мүшелері «бұл жиын қалай өтер екен деп» аздап қобалжыған едік. Өткен аптада жұмыс топтарының бірінші отырысы, ал бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен кеңестің бірінші отырысы өтті. Бұл жаңа орган болғандықтан регламенті – біздердің бір-біріміз қалай уағдаласатындығымыз өте маңызды болды. Өйткені, кеңеске 40-тан астам адам қатысты. Шындығына келгенде, сарапшылардың деңгейі өте жоғары. Әрқайсысының артында үлкен ұжым не болмаса үлкен тәжірибе тұр. Сондықтан барлығымен бір уағдаластыққа келу өте қиын», - деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол кеңес жұмысы барысында қандай жайттың көңілінен шыққанын айтып берді.

«Бүгін маған не ұнады? Барлық қатысушылар өз топтарында өте нақты баяндама әзірлеген екен. Өзім қатысатын экономикалық мәселелер жөніндегі топқа қатысты айтар болсам, біз екі баяндама жасадық және нақты пікірімізді білдірдік. Бұған қоса, сөз сөйлеушілердің барынша ашық болғаны ұнады. Бүгінгі отырыс барысында айтылған барлық ескертпелдерді қатысушылар, ең алдымен Президент Әкімшілігі қаперге аларына үміт артамын. Кездесуге министрлер де қатысты олар да біздің пікірлерімізді қаперге алса екен», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар