Ұлттық кеңес жастар мәселесін шешуге көмектеседі - Дамир Дигай

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуы арқылы жастардың көптеген мәселелері оң шешімін табады. Жас ғалым Дамир Дигай осындай пікірде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғылыми зерттеулер қорытындысын коммерциализациялау кеңсесінің директоры Дамир Дигай сонымен қатар бұл кеңестің құрамына әлеуметтік түйткілдерді жетік білетін жастардың енуін өте маңызды қадам деп есептейді.

«Президенттің кадрлық резервіне 300 жас маман тартылады деді. Үкімет құрамының жастармен толығатынына, әрине, біз өте қуаныштымыз. Ал қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуы арқылы жастарға жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету тұрғысынан үлкен көмек көрсетіледі деп ойлаймын», - деді Дамир Дигай.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды ұсынып, кейіннен Жарлыққа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар