Ұлттық кеңес саяси экономикалық реформалардың басты алаңына айналды - Ерлан Саиров

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Президенттің қатысуымен өткен Ұлттық қоғамдық кеңес отырысына қатысты ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Ерлан Саиров пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін еліміздің қоғамдық ұлттық кенесінің мәжілісі өтті. Бұл басқосуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше өте маңызды мәлімдеме жасады. Ол мәлімдеме біздің еліміздегі саяси реформалардың жалғасы жөнінде болды. Яғни, партиялардың парламентке өту межесінің азаюы, сонымен бірге бюллетеньдердің барлығына қарсы деген норманың енгізілуі заң бойынша ары қарай жалғасын табатын болады. Біздің еліміздегі ауылдардың әкімдерін сайлау жөніндегі нақты мерзім анықталды. Сонымен бірге, 2024 жылдан бастап аудан әкімдерін сайлайтын тетіктер енгізілетін болады. Бұл - біздің еліміздегі саяси білдіреді»,- деді Ерлан Биахметұлы.

Мәжіліс депутаты қазақстандықтарды толғандырған басты мәселеге нүкте қойылғанын айтты.

«Ең негізгі мәселе, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы шетелдік азаматтарға жерді арендаға беруге, сатуға толық тиым салу жөніндегі заң нормасын енгізетіндігін айтты. Бұл біздің еліміздегі жер мәселесіне жалпыұлттық дискуссияның нүкте қойылғандығын көрсетеді. Яғни, жер ресурстары тек қана ҚР азаматтарына қызмет ететін болады. Бірақ дегенмен де жер экономикалық ресурс. Ол біздің халқымызға игілік әкелуі керек. Біздің еліміздегі жер ресурстарын мемлекеттің дамуы үшін пайдалану жөнінде мәселені шешу үшін өкіметтің жанынан қоғамдық комиссия құрылады. Сол қоғамдық комиссия жер мәселесін пысықтайтын болады. Жылдың аяғына дейін үкімет өз ұсыныстарын енгізетін болады. Енді бүгінгі таңдағы ең негізгі мәселе – Қазақстанның жер ресурстарына байланысты болатын. Осы мәселе жан-жақты пысықталды, анықталды. Мемлекетіміз ел азаматтарының мүддесі тұрғысынан жұмыс істейтіндігі көрініп тұр. Бүгінгі таңда бұл ұлттық кеңес бір қоғамдық ұйым емес, біздің еліміздегі саяси экономикалық реформалардың басты алаңына айналды»,- деді депутат.


Соңғы жаңалықтар