+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Ұлттық кеңес: Рауан Кенжеханұлы балалар арасындағы суицид мәселесін көтерді

2020 жылғы 27 мамыр 12:30
Бөлісіңіз:
Ұлттық кеңес: Рауан Кенжеханұлы балалар арасындағы суицид мәселесін көтерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Рауан Кенжеханұлы балалар арасындағы суицид мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты Асхат Садырбай қазақ тіліне немқұрайды қарайтын меморгандар туралы айтты Ұлттық кеңес мүшелері халық петицияларын 3 деңгейге бөлуді ұсынды

«Тағы бір назар аударатын мәселе - балалардың жан саулығына қатысты. Атап айтсақ, мектеп оқушылары арасындағы суицид, яғни өзіне қол салудың жиілігі. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі жағдайы ең нашар елдер қатарында. Жыл сайын 170-тен аса қазақстандық жасөспірім өздерін өмірден айырады. Мамандардың есебінше аяқталмаған және түрлі себеппен тіркелмеген суицидке талпыныс саны бұдан 20 есе көп. Ашығын айтқанда, балалар арасындағы мұндай жағдай - қоғам саулығының өте сорақы көрсеткіші», - деп атап өтті спикер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында.

Сонымен бірге, спикер балалар арасындағы суицидтің алдын алуға бағытталған ортақ бағдарлама не бірыңғай әдістеме жасалмағанын айтты.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз бұл мәселе туралы бірнеше рет айттыңыз, тапсырма да бердіңіз. Алайда елімізде білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін қамтитын, барлық деңгейде басшылыққа алынуы тиіс балалар арасындағы суицидтің алдын алуға бағытталған ортақ бағдарлама не бірыңғай әдістеме әлі қабылданбады. Біз өз тарапымыздан білікті қазақстандық және беделді халықаралық психолог мамандарды жұмылдырып, «Денсаулық және өмір дағдылары» атты арнайы бағдарлама дайындадық. Ондағы амалдар мен әдістер бірнеше аймақта сынақтан өтті. Қажет болса, бағдарламаны тиісті министрлікке тапсыруға дайынбыз. Тек ел аймақтарының барлығын, оқушылар мен ұстаздарды, психологтар мен ата-аналарды жан-жақты қамтитын белсенді іс-қимыл бастауды сұраймыз», - деді Рауан Кенжеханұлы.

Бұған дейін Рауан Кенжеханұлы Қазақстан мектептерін бір ауысымда оқу режиміне көшіру жолдарын айтты және Қазақстанда ұлттық мектеп үлгісін жасауды ұсынды.

Айта кетейік , ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Кезекті отырыс адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT