Ұлттық кеңес Президенттің жаңа реформалар жоспарын қолдайды: Утильдік алым өзгерістері тұтас саланы жандандырады деп үміттенемін – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев утильдік алым мөлшерін азайту жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Утильдік алым – өте ауыр тақырып. Оның ауқымын осы компанияның бенефициарлары шартты түрде тапқан 500 млн теңге бойынша ғана емес, еліміз бойынша жүздеген мың автомобильдердің шетелдік – Армения, Ресей және Қырғызстан тіркеуінде екендігімен де бағалауға болады. Яғни, бір Кеден одағында бірыңғай кедендік мөлшерлемелер кезінде бізге Қазақстанда көлік сатып алу тиімсіз, өйткені бағасы тым қымбат. Арменияға барып, сол жерден көлік әкеліп және оны есепке алмау әлдеқайда тиімді болған», - деді Т. Қалиев Нұр-Сұлтандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Талғат Қалиевтің пікірінше, автомобильдердің шамадан тыс қымбаттығы автокөлік паркін жаңартуға, апат саны мен жолдардағы өлім-жітімге де ықпал етіп отыр.

«Сұрақтар өте көп. Бірақ ең бастысы – бұл ондаған мың адам жұмыс істейтін, автомобильдерді жеке импорттаумен, сатумен айналысатын тұтас саланы өлтірді. Бұл өзгерістер осы саланы жандандырады, көптеген жұмыс орындарын құруға және көлік құнын төмендетуге көмектеседі деп үміттенемін. Яғни, бұл тұтыну бағаларының индексімен және инфляциямен тікелей байланысты болады», - деді Талғат Қалиев.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында утильдік алым ставкаларын қайта қарауды тапсырды.

Қазақстанда кәдеге жарату төлемдерін жинайтын жеке мемлекеттік оператор құрылады.


Соңғы жаңалықтар