Ұлттық кеңес Президенттің жаңа реформалар жоспарын қолдайды: Мемлекеттік аппарат көрсеткіштер мен индикаторларға емес, нәтижеге жұмыс істеуі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазір мемлекеттік аппарат өз қызметін қайта қарап, көрсеткіштер мен индикаторларға емес, нәтижеге жұмыс істеуді үйренуі керек.

Бұл туралы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуінде айтылған бастамаларын талқылап жатыр.

«Шынында да, қазір халықтың үлкен үміті пайда болғанын атап өткен жөн. Жағдай тоқтап қалды, тіпті наразылық көңіл-күй де тоқтап қалғандай, енді адамдар әрі қарай не болатынын күтіп отыр. Өйткені Президент ұсынған шаралар – толғағы жеткен өте өзекті мәселелер. Бірақ олардың табысты болуына не ықпал ететіні – бөлек сұрақ. Шын мәнінде оларды бұған дейін статистиканы манипуляциялаумен айналысқан, түрлі бастамаларды соңына жеткізбеген және жалған мемлекеттік бағдарламаларды жүргізген мемлекеттік аппараттың өзі жүзеге асыруы тиіс. Қазір мемлекеттік аппарат өз қызметін қайта қарап, көрсеткіштер мен индикаторларға емес, нәтижеге жұмыс істеуді үйренуі тиіс. Тағы бір мәселе – сол олигаполияның қарсылығы, оны экономикадан шығару керек», - деді Талғат Қалиев.

Оның айтуынша, барлық осы мәселелерде аталған процесті бақылауға қабілетті азаматтық сектор маңызды рөл атқарады.

«Үшіншіден, Ұлттық кеңеске ерекше рөл беріледі, бұл ұйым өңірлер бойынша рейдтер ұйымдастырып, осы ұсынылған шаралардың іске асырылу процесін бақылай алады. Бірақ ең бастысы – бұл шаралардағы халықтың орны. Егер халық қолдаса және белсенді қатысса, әлеуметтік-экономикалық түрлену сәтті болады. Ал егер күту позициясын ұстанса, бұл жағдайда тіпті ең гүлденген және прогрессивті бастаманың өзі сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Сондықтан біздің рөліміз – бір мезгілде түсіндірумен айналысу және бақылау, сонымен бірге мемлекеттік аппаратқа осы бағдарламалардың барлығын жүзеге асыруға көмектесу», - деді Талғат Қалиев.


Соңғы жаңалықтар