Ұлттық кеңес Президенттің жаңа реформалар жоспарын қолдайды: Ауылшаруашылық өнім өндіретіндердің жұмысына кедергі жасамау керек – депутат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚАзАқпарат – Қазіргі уақытта ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне өз ісімен толыққанды айналысуы үшін жағдай жасау керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің елімізде импорттың үлесі өте жоғары. Инфляцияға сырттан ықпал етіп отыр. Сондықтан қазіргі уақытта біздің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріміздің елімізде өз ісімен толық айналысуына жағдай жасау қажет. Оларға көбірек басымдықтар беру керек, бірақ ең бастысы – жұмысқа араласудың қажеті жоқ. Егер адамдарға кедергі келтірмесе, өздері-ақ жақсы қоғамдық, саяси игіліктер жасай алады», - деді Е. Сайыров Нұр-Сұлтандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің отырысында.

Депутаттың айтуынша, импорттың үлесі қысқаруы үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің жоғары қайта өңделген өнім өндіруге көшуі үшін жағдай жасау қажет.

«Ең бастысы – азық-түлік импортының үлесін азайту», - деді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жылда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін толық шешуді тапсырған болатын.



Соңғы жаңалықтар